Өнім
2023 жылғы 3 ақпан күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы анықтау және іздестіру бөлімінің қызметкерлерімен, «Құқық бұзушысыз әскер» науқанының басталуына байланысты, 03825 әскери бөлімінің барлық санаттағы әскери қызметшілерімен, әскери қызметшілер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 18 тарауы «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар» баптарымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін туындайтын қылмыстық жауаптылықты жеткізу бойынша әңгіме-сұхбат өткізілді.
Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа бейім әскери қызметшілерді анықтау мақсатында әскери қызметшілермен жеке сұхбаттар өткізілді.