Әлем

Түркиядағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркияның Табиғи апаттарды басқару басқармасы күшті жер сілкінісі салдарынан 76 адам қаза тапқанын хабарлады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Жергілікті уақыт бойынша сағат 06:30-дағы ақпаратқа сәйкес Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адияман, Малатия, Османие, Хатай және Килис қалаларында 76 азамат қаза тауып, 440 азамат жарақат алды», - деп хабарлады ведомство.

AFAD-тың барлық бөлімшелері дайын, барлық топтар, соның ішінде іздеу-құтқару жұмыстары да аймаққа жіберілді.

Жер сілкінісінен кейін 42 афтер сілкініс тіркелді, ең күштісінің магнитудасы 6,6 болды.

Еске салайық, 6 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп қаласының маңында 17,9 шақырым тереңдікте магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі болды. АҚШ геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасы 7,8 деп бағалады.

Жерасты дүмпулері ел астанасы Анкара мен Түркияның басқа қалаларында, сондай-ақ Сирия мен Ливан сияқты бірнеше елде сезілді.

Түркия әлемдегі ең белсенді сейсмикалық аймақтардың бірінде орналасқан.