Әлем

"Ресей әскері 454 баланың өмірін қиған": Сарбаз бар шындықты айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейлік әскери қызметкер Украинада балаларды өлтіруге қатысқанын растады. Бұл туралы «Стопкор» агенттігіне сілтеме жасап Bugin.kz порталы хабарлайды.

"Ресей Федерациясы тұтқиылдан кең ауқымды шабуыл жасап, басып кіргеннен кейін оккупанттар Украинада 454 баланы өлтірді. Бірақ бұл мәліметті әлі де анықтай түсу керек. Украинаның уақытша жау басып алған территориясында тұрып жатқан балалардың жағдайы әлі күнге дейін белгісіз", – деп хабарлады агенттік.

Сөз болып отырған ресейлік әскери қызметкер өзінің әйелімен телефон арқылы сөйлескен кезде Украинадағы соғыс қылмыстарына, соның ішінде балаларды өлтіруге қатысы болғанын мойындады. Бұл әңгімені бұдан бірер күн бұрын Украина Бас барлау қызметі әлеуметтік желіден жазып алған. Сосын аудиожазбаны Telegram-дағы өз арнасына жариялаған.

Жазбадағы дауыс бірнеше жерде үзіліп қалған. Ресей әскери қызметкері әңгімені де үзе береді. Бірақ келіншек Кирилл есімді ресейліктің украин балаларын өлтіруге қатысқанын анық аңғартып тұрады. Әңгімеде ресейлік әйелдің басқыншыдан естіген сөздерінен қатты толқып тұрғаны да байқалады.

"Иә, олар сенің өзіңді бауыздап тастамақшы болған ғой, түсінесің бе? Сен не, балаларды да өлтірдің бе, Кирилл?.. Кирилл, шын айтасың ба? Мұны маған неге айтпадың? Сен неге онда балаларды да өлтіргеніңді айтпадың?.. Неге айтпадың?" – деді келіншек.

Бір атап өтерлігі, басқыншының телефонмен әңгімесі әйелінің Украина өзіне әскери көмек көрсеткені үшін кейін Еуропамен қалай есеп айырысатыны жайлы сұрағына жауап беруден басталды. Әйелдің де сөзінен белгілі болғандай, украиндар Батыс елдерінен көмек алғаны үшін Ресейге тағы территориясының бір бөлігін берулеріне тура келеді.