ДЕНСАУЛЫҚ

"Кәріліктің иісі": Қартайған сайын пайда болатын иістен қалай құтылуға болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жылдар бойы ағзадағы зат алмсасу процестері баяулайды, ал терінің иісі соған байланысты өзгере береді. Атап айтқанда, май алмасуы. Омега-7 қанықпаған қышқылдарды өңдеудегі өзгерістерге байланысты альдегид қосымша өнім ретінде шығарылады, бұл «кәрілісіктің иісін» шығарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қартайған сайын теріңіздің иісі қандай болады?

Сіздің денеңіздің иісіндегі жеке айырмашылықтар гормондар жиынтығына байланысты, бірақ сөзсіз жас айырмашылықтары да бар. Мысалы, нәрестелерде нәзік, хош иіс болса, егде жастағы адамдарда жағымсыз иіс шығады.

Ал бұл иістен қалай құтылға болады?
Майлы тағамдарды көп жейтін қарттардан қандай иіс шығатыны белгілі. Себебі майлар май бездерінің, микробтардың жұмысын ынталандырады жағымсыз иісі бар компоненттерді шығарады.

Сондықтан, жасы ұлғайған сайын диетадағы қаныққан майлардың көп бөлігін өсімдік майымен алмастырып, тағамның калориясын азайту ұсынылады. Сонымен қатар жас денеге пайдалы барлық өнімдер бұл қызметті қамтамасыз ете алмайды.
Терінің және тыныстың жағымсыз иісі егде жастағы адамдарда жаңа піскен жемістер немесе көкөністерден туындауы мүмкін. Себебі олар ас қорыту жолында нашар қорытылады, ішекте шіру процестері басым болады, қанға сіңіп, тер бездеріне жеткізіледі, нәтижесінде жағымсыз дене иісі пайда болады.

Сондықтан егде жастағы адамдардың рационында жемістер қайнатылған, бұқтырылған немесе басқа термиялық өңделген және ұсақталған түрінде басым болуы керек. Кейде дененің жағымсыз иісі белгілі бір тағам компоненттері - пияз, сарымсақ, дәмдеуіштер комбинациясы арқылы беріледі.