Bugin

Ресей ғалымы Қазақстанның солтүстігі Ресейге тиесілі екенін айтты

 

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейлік сарапшылардың Қазақстанның жері жайлы пікір білдіруі азаяр емес. Бұл жолы ресейлік Алексей Савватеев есімді математик өз ойын ашық айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Mezgil.kz сайтына сілтеме жасап.

49 жастағы математик, профессор. Ресей Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Савватеев   (2019 ж.) Ресей Думасына депутаттыққа да түскен. Сондай-ақ Қазақстанға да келіп, дәріс оқып жүрген.

Ол Украина, Қазақстан мен Беларусьтің жеріне қатысты өз пікірін айтып, «Қазақстанның солтүстігі – Ресейдің жері» дейді.

Әлеуметтік желіде тараған видеода:

«Украиндер де, беларусьтер де – орыстар. Кешіріңіз, Ростовтың орысы мен Мәскеудің орысы бір-біріне ұқсамайды. Сол секілді, олар да...», - дейді.

Ал: «Қазақтар да орыс па?», - деп қойылған сұраққа 

«Кешіріңіз, қазақтар – ұлт. Бірақ, олар біздің орбитамызда. Меніңше, оларға Ресейдің қол астында болған - жайлы. Бұл сұрақтың философиялық сарыны бар. Ресейдің кеңеюі барысын алайық. Қазақ елі олардың жеріндегі орысқа қабақ шытпаса, әзірге көңілім толады. Бірақ белгілі бір уақытқа ғана. Солтүстігік Қазақ елі дегенің - тегіс орыс. Қазақ елінің солтүстігі дегенің – Ресей», - дейді Савватаеев.

Ресейлік медиа тұлғаның Тәуелсіз Қазақстанның территориялық тұтастығына қауіп төндіретін сөздерді жария айтқанына Қазақстанның құзырлы органдары ешқандай шара қолданбады. Әзірге, ҚР Сыртқы істер министрлігі тарапынан ешқандай реакция жоқ.