Әлем
Украина әскерлері Донецк облысындағы Угледар елді мекенінің түбінде ресейлік басқыншыларға тағы да қирата соққы берді. Бұл туралы «Диалог.ua» мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Керемет жаңалық бар» деген Украина Қарулы күштерінің офицері ресейліктердің Угледар түбінде тағы да күйрей жеңілгенін хабарлады.
Ресейліктер Угледарға жаңа шабуыл бастауға әрекет жасады. Бірақ мұның соңы олар үшін қалаға баратын жолда колонналарының жойылып кетуімен аяқталды.
"Ресей армиясы соңғы күндері Угледар бағытында бірден бірнеше шабуыл жасауға талпыныс жасап көрді. Алайда жорықтары сәтсіздікке ұшырады. Ресейліктер шабуылдарының сәтсіз болғаны соншалық, Украина Қарулы күштері бұған қоса олардың түрлі типті бронды техникаларының отызға жуығын іске алғысыз етіп тастады", – делінген хабарламада.
Өткен түнде Украина территориясында Ресейдің тағы бір генералының көзі жойылды. Ресей БАҚ-тары оның әуе-десант әскерлерінің генерал-майоры Дмитрий Ульянов екенін айтып отыр. Ол Татарстаннан мобилизация жасалып келген сарбаздарды басқарған.
Ал Бахмуттың түбінде «Вагнер» жеке әскер компаниясының содырлары өздерінің командирлерін пышақтап тастапты. Осы эпизодты Украина Қарулы күштерінің дроны арнайы видеоға түсіріп алған.