Bugin
Байқоңыр қаласында Ресей билігі тұрғындарға Ресей төлқұжатын таратып жатыр. Бұл туралы мәліметті MAITANOV_online телеграм арнасына оқырман жіберген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ақпаратта, Алматыда орланасқан Ресей елшілігі Байқоңыр тұрғындарының азаматтығын өзгерту туралы өтініштерін қабылдағалы жатыр. Сондай-ақ, Ресей азаматтығын алған қазақстандықтардың тізімі де жарияланған.
“Ресей Федерациясының Алматыдағы консулдығы Байқоңыр қаласының тұрғындарынан ата-анасының бірі Ресей азаматы, екіншісі шетел азаматы болып табылатын балаларды Ресей азаматтығына қабылдау туралы өтініштерін қабылдайды. Қазірдің өзінде Ресей азаматтығына қабылданған қазақтардың аты-жөнінің тізімі бар. Ресей билігінің мұндай әрекеттері Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді және Байқоңырда немесе елдің басқа аймақтарында (Шығыс Украинадағы ДХР/ЛПР деп аталатын) сепаратизмнің алғышарттарының туындау қаупін тудырады деп есептеймін”, деп жазылған телеграм арнасында.