Өнім

30 айда 430 кітап

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қоғамда әлі күнге дейін «қазақ тілінде сапалы кітап жоқ», «кітап нарығы қазақтілді оқырманның талабын қанағаттандырмайды», «қазақ тілінде басылған кітапты ешкім алмайды», «қазір ешкім кітап оқымайды» деген пікірлер қалыптасқан.

Бұл пікірлерді орынсыз айтылған деуге негіз бар. Кейінгі уақытта қоғамдық көліктерде, ал жазғы мезгілде саябақтарда кітап оқып отырған жастарды жиі көретін болдық. Бұл көңіл қуантарлық жағдай. Себебі кітап оқу сәнге айналып келеді.

Олардың бір бөлігі электронды кітап оқыса, көпшілігі дәстүрлі кітап оқығанды дұрыс деп есептейді. Әрине, қағаз кітапты қолға ұстап, әр бетін парақтап, сезініп оқығанның жөні бөлек.

Қоғамда кітап оқитын оқырман бар, тек насихат жеткіліксіз. Үлкен қалаларда сатылымда бар кітаптар алыс аймақтағы елді мекендердің дүкен сөрелеріне жетпей жатады. Көп жағдайда қандай кітаптардың жарыққа шығып жатқаны туралы оқырман білмей де қалады.

Соңғы кездері әйелдер қауымы мен жастар тарапынан психологиялық және мотивациялық кітаптарға деген сұраныстың артқаны байқалады. Бұл адамдардың өміріндегі тұрмыстық және әлеуметтік проблемаларды шешуге деген талпыныс пен тұлғалық даму үдерісінің әсері екеніне дау жоқ. Алайда таным-көкжиегі кең, көзі қырағы оқырман нағыз даналықты, мотивацияны көркем әдебиеттен табатыны айтпаса да түсінікті.

Отандық кітап нарығындағы баспалар оқырман сұранысын қанағаттандыру мақсатында аянбай еңбек етіп келеді. Басты міндет – ұлт руханиятына қызмет ету, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға үлес қосу.

Соның ішінде, «Фолиант» баспасында соңғы екі жарым жылда қазақ классикасынан бастап әлем әдебиетіне дейін 430 кітап жарық көрді. Сонымен қатар кітапсүйер қауымға сапалы кітаптар ұсыну мақсатында Алматы мен Астана қалаларында «Qazaqbooks» кітаптар дүкенінің желісі ашылды.

«Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады» – деп заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, кітаппен дос болған адамның болашағы жарқын.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61