Спорт

Әлімханұлы Головкиннің IBF белбеуінен «бас тартуынан» кейін мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы Геннадий Головкиннің IBF титулынан бас тартуы туралы қауесеттерге пікір білдірді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін бразилиялық журналист кіші Вилсон Балдини хабарлады. Ол Головкиннің IBF титулынан бас тартқанын мәлімдеді.

Әлімханұлы бұл атақты және орта салмақтағы барлық белбеулерді жеңіп алғысы келетінін айтып, өзінің амбициясын білдірді.

"Орта салмақта бір белбеу бос қалды делік. Маған керек. Жігіттер, мен жақында барлық титулдарды жинаймын!" – деп жазды Әлімханұлы Twitter парақшасында.

Головкин IBO және WBA Super чемпиондық белбеулерін иеленуін жалғастыруда.