Әлем
30 секундтық TikTok клипі жолаушылардың багажын ұшақта тасымалдаудың "ішкі әлемін" көрсетті. Видео 8 миллионнан астам қаралды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Daily Mail өз жұмысын видеоға түсірген тапқыр әуежай қызметкері Крис Симонссон туралы айтады.
"TikTok-тағы 30 секундтық ролик әлеуметтік желі қолданушыларын таң қалдырды, өйткені барлығы ұшақтарда сөмкелердің қалай жиналатынын әрқашан білгісі келді. Крис портативті конвейерде 110 сөмкенің жеткізілуін күтіп отыр. Әуежай қызметкері жүкті алып, сосын оны зақымдап алмас үшін еденнен төбеге дейін бірінің үстіне бірін ұқыпты етіп жинайды", - деп жазады ресурс.
TikTok қолданушылары жас жігіттің бастамасын әзілмен қарсы алды.
Бірі: "Мен мұның қалай жасалатынын әрқашан қызығатынмын", - десе, екіншісі: "Мен мұның қаншалықты көп жұмыс істейтінін ешқашан түсінбедім. Мен оларды осылай қаптау керектігін білмедім!", - деп жазады.
Үшіншісі мұндай жұмыста "клаустрофобия" болатынын мойындаса, ал төртінші қолданушы: "Тетристі қиын деңгейде ойнағандай" деп қалжыңдайды.
Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Алматы әуежайындағы жүк тиеушілер жұмысының видеосын жариялаған болатын, олар өз сөзімен айтсақ, жүктерімен «баскетболмен айналысады». Жүк тиеушілердің жүкті лақтырып жатқаны түсірілген видео әлеуметтік желіде шу тудырды.