Әлем

"Мәйіттердің әшекейін тонауда": Түркиядағы апаттан кейін ұсталған "мародерлер" жайлы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желілерде Түркиядағы тонаушылардың видеолары көбейіп кетті. Олардың кейбірінде тәртіп бұзушылардың қалай ұсталып, жазаланатынын көруге болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы riafan басылымына сілтеме жасап.

Түркия мен Сирия халқының басына сұмдық қайғы келді, 2023 жылдың 6 ақпанында басталған жер сілкінісі көптеген адамдардың өмірін қиды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Түркияда катаклизмнің салдарынан 17 мыңнан астам адам қаза тапқан. Өкінішке қарай, олардың арасында жерлестеріміз де бар.

Түркияда жер сілкінісі болған алғашқы күннен бастап тонау оқиғалары тіркелді. Құтқарушылар үйінділерді тазалап жатқанда, тонаушылар дүкен сөрелерін, компьютерлер, тұрмыстық химияға дейін бәрін алып кетті. Тіпті отбасымен қылмыс жасағандары ұсталуда.

Түркия Парламентінің депутаты Үміт Оздаг жер сілкінісінен кейінгі тонау оқиғалары туралы жантүршігерлік деректермен бөлісті.

Мұны елестету мүмкін емес, бірақ үйінді астындағы мәйіттерден әшекейлерін тонауда. Тонаушылар бос тұрған үйлер мен дүкендерден жиһаз, тұрмыстық техника, азық-түлік алып шығады. Адамдар қолдарында қарумен өз мүлкін өз бетінше қорғайды. Көп жағдайда "олар" сириялық босқындар, бірақ түрік азаматтары да бар", - деді ол.

Ел президенті Режеп Тайып Ердоған бұдан бұрын республикада төтенше жағдайдың басқалармен қатар тонаушылыққа байланысты енгізілгенін айтқан болатын. Бұл құбылыс, өкінішке қарай, ауқымды сипатқа ие екенін Ішкі істер министрлігінің басшысы да растады.

Видеоларды мына сілтеме арқылы көре аласыз.