ДАМУ

"Музыка тыңдау харам ба?": ҚМДБ жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда діни тұрғыдан музыкаға қатысты қандай пәтуа шығарылған? Бұл сұраққа ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің өкілдері жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

ҚМДБ өкілінің сөзінше, музыканың рұқсат етілген түрі де, тыйым салынған түрі де бар екен.

Ән айту мен музыканың рұқсат етілгені де, тыйым салынғаны да бар. Әннің сөзі жақсы болса жақсы, жаман болса жаман саналады. Рұқсат етілген ән мен музыкаға діни, Отан туралы, мерекелерде қуану, көңіл көтеру мақсатында айтылған, бірақ ер мен әйел араласпайтын, әнде ұятсыз, жаман, боқтық сөздер болмайтыны жатады. Сондай-ақ, арақ, зинақорлық, азғындық секілді харам нәрселермен ұштаспауы қажет, адамның шәһуатын, сезімін қоздырмауы керек немесе әннің мағынасы махаббат туралы болмауы қажет, - делінген ҚМДБ жауабында.

Сондай-ақ, ол қандай музыкаларға тыйым салынғанын айтты.

Ал тыйым салынған ән мен музыка - Алланы зікір етуге бөгет болатыны әрі тыйым салынған нәрселер қамтылғаны. Мысалы, ән айтып жатқан адамның дауысы фитнаға (азғыруға - еск.) алып баратын және ұяттан, көркем мінез-құлықтан жұрдай ететін музыкалар, - дейді Шариғат және пәтуа бөлімінің өкілі.

ҚМДБ өкілінің айтуынша, әйел адам жақындарының алдында ән айта алады.

Әйел адамға ата-анасы, күйеуі, әйел кісілердің және үйленуге тыйым салынған адамдардың алдында ән айтуына рұқсат етіледі, - делінген жауапта.