Спорт
Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Николай Шваб кәсіпқой рингте кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол Доминикан Республикасында өткен бокс кешінде венесуэлалық Эльбер Рохаспен (18-7-2, 15 КО) жұдырықтасты. Боксшылар жеңіл салмақтағы WBA Fedecaribe титулын сарапқа салды.
Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Бірақ үшінші раундта Швабтың орындауында техникалық нокаут тіркеліп, жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.
Бұл Николай Швабтың кәсіпқой бокстағы 11-ші және мерзімінен бұрын жетінші жеңісі болды. Рохас осымен сегізінші рет жеңіліп отыр. Оның қоржынында жалпы 18 жеңіс (15-і нокаутпен) және екі тең ойын бар.