Әлем

Бір ғимараты құламаған: Зілзала ошағында жапа шекпеген жалғыз ауданның мэрі құпиясын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Эрзин - Хатай провинциясындағы 42 мың тұрғыны бар, бірде-бір ғимарат құламаған жалғыз аудан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Cumhuriyet басылымына сілтеме жасап.

Осындай мықты ғимараттардың сыры неде екенін білу үшін жұрттың назарына іліккен түрік Cumhuriyet газеті қала әкімімен сөйлесті.

Эрзин қаласының мэрі, Түркияның оппозициялық Республикалық халық партиясының мүшесі Өккеш Елмасоғлу бұл құбылысты тек заң аясында жұмыс істегенімен түсіндірді. Ол Эрзинде рұқсат етілмеген ғимараттарды салуға қатаң тыйым салынғанын баса айтты. Әкімнің айтуынша, ол тіпті туыстарына да құрылысқа аласуға рұқсат бермеген, салынып жатқан ғимараттардағы құрылыс нормалары жан-жақты тексерілген.

"Бір ғимараттың да заңсыз салынуына жол бермедім. Олар маған ашуланып, сынап, қорқытып: "Бұл елде жалғыз өзіңді адалмын деп ойлайсың ба?",- дейтін, бірақ қазір мені арым мазаламайды", - деді Өккеш Елмасоғлы.