Bugin
Алматыда жоғалып кеткен ер адам мен әйел өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
LIDER.KZ әлеуметтік желісінің мәліметінше, олардың қалай қайтыс болғандары жайлы нақты ақпарат жоқ.
1969 жылы туған Козлова Лариса Юрьевна 6 ақпанда хабар-ошарсыз кеткен. Әйел Іле ауданы, Покровка ауылы, Алматы көшесі, 65-үй мекенжайындағы үйден шығып, жоғалып кетті. 11 ақпанда әйел өлі күйінде табылды.
1981 жылы туған Эллада Атилла 11 ақпанда Алматыда жоғалып кетті. Ер адам Медеу ауданы, Кутузов көшесі, 67-үй мекенжайындағы үйден шыққан. Келесі күні денесі табылған.