Bugin
13 ақпанда Петропавлда №4 мектепте 9-сынып оқушыларының бірі мектепке балта мен пышақ алып келіп, бірнеше баланы жарақаттаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Петропавл.news сайтының ақпаратына сәйкес, жарақаттанған екі бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Ал үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген. Зардап шеккен балалар 9-10-сыныптарда оқыды.
Қазіргі уақытта № 4 орта мектепте тергеу тобы жұмыс істейді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен облыстық полиция департаменті барлық жәбірленушілер облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін, есі дұрыс екенін хабарлады. Кәмелетке толмаған Д.-ны полиция қызметкерлері ұстады. Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 24 – бабының 3-бөлігі-1-тармағы ("Кісі өлтіруге оқталу"), 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кәмелетке толмаған Д. психиатриялық есепте тұрады.