Спорт
"Тоттенхэм" шабуылшысы Сон Хын Мин Азияның 2022 жылғы ең мықты футболшысы атанды.
Оңтүстік кореяның 30 жастағы ойыншысы бұл атақты алтыншы жыл қатар алып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Таңдау азиялық футбол журналистері мен сарапшыларының дауыс беруі арқылы жасалды.
Сон Хын Мин 256 ұпай жинапты. Екінші орында Мехди Тареми ("Порту", Иран құрамасы) және үшінші Салем Әл-Давсари ("Әл-Хиләл", Сауд Арабиясының құрамасы) - екеуі де 120 балл жинаған.
Биылғы маусымда Сон Хын Мин 28 матчке қатысып, сегіз гол салды және төрт ассист жасады.