Өнім

Түркия: Ғимарат құласа да белгілі тұлғаның портреттеріне түк болмаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бірнеше күннен бері Түрік жұртының берекесін алған зілзала әлі тоқтар емес. Ал әлеуметтік желіде ғимараттар құласа да, қабырғада ілулі тұрған Мұстафа Кемал Ататүріктің портретіне түк болмағаны туралы қызу талқылануда, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Түркияның Хатай провинциясы жер сілкінісінен қатты зардап шеккен өңірдің бірі. Бұл аймақ Түркия үшін ерекше маңызға ие, өйткені кезінде қазіргі Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік Хатай үшін шайқаста Франциямен соғысуға тәуекел етті.

Бұрынғы Осман империясының мұрасын бөлісу үшін халықаралық конференцияларда күрес жүріп жатқанда Ататүрік: «Хатай – менің жеке мәселем» деген еді.

Bugin.kz

Bugin.kz

Биыл Түркия Республиканың құрылғанына жүз жылдығын тойлауы керек болатын. Бірақ 2023 жылдың басы Түрік елі үшін жақсы басталған жоқ.

Ал Түркияның әлеуметтік желілерінде жер сілкінісі кезінде Ататүрік бюсті мен оның портреттерінің мүлдем зақымданбағандығы талқыланып жатыр.

Еске салайық, кейінгі мәлімет бойынша Түркияда үйінді астынан қазақстандық әйелдің денесі табылғанын хабарлағанбыз.