"Басынан ағашпен ұрған": Шымкентте болған төбелес видеоға түсіп қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында түн ортасында төбелескендер бірін бірі басынан ағашпен ұрған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әлеуеметтік желіде түн ішінде Шымкент көшелерінің бірінде болған. Бірін-бірі аяусыз ұрғандардың видеосы тарады. Онда екі жігіттің ерегісі үлкен жанжалға айналған. Видеодан қарсыластарының басынан ағашпен аяусыз ұрып жатқан кадрлерді көруге болады.

Бұл оқиғаға байланысты Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі тиісті тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бейнежазбада көрсетілген жайт Қаратау ауданының полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 293-бабы «бұзақылық» бойынша тіркелді. Сондай-ақ, орын алған оқиға бойынша полицияға ешқандай арыз-шағым түсірілмегенін хабарлаймыз. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61