Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com13 ақпан Өскемен-Рахман қайнары республикалық маңызы бар автожолында Топқайын және Катонқарағай ауылдары арасында ВАЗ-208 және Lada Granta автомобильдері соқтығысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, жол апаты салдарынан ВАЗ-2108 көлігінде болған 87 жастағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болған. ВАЗ-2018 көлігінің 19 жастағы жүргізушісі және Lada Granta-дағы кәмелетке толмаған жолаушы Катонқарағайдағы ауруханада көз жұмды.
ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.
ҚПК-нің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61