ДАМУ

Өліммен аяқталған махаббат оқиғасы: Валентин күнінің шын тарихы қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ғашықтар күнінің қалай пайда болғаны туралы бірнеше аңыз әңгіме бар. Солардың ішінде ең шынайысы - ІІІ ғасырда Терн қаласында өмір сүрген римдік діни қызметкер Валентинмен байланысты оқиға.

269 жылы император Клавдий жаппай жаулап алмақ болып, соғысқа дайындалып жатқан. Алайда әскер сапына жауынгерлер жетіспеген. Соған байланысты Клавдий отбасылық өмір сарбаздарды әскер өмірінен алшақтатады деп ойлаған. Осы себепті жауынгерлерге әскери қызметі аяқталғанға дейін үйленуге тыйым салды.

Мұндай қатал ескертуге қарамастан, сарбаздар бұйрықты бұзған. Оларға бұл ретте Валентин есімді жас діни қызметкер көмектесті. Мұны білген Клавдий діни қызметкерді өлтіруге бұйрық береді.

Өлер алдында Валентин түрмеге қамалады. Аңыз бойынша, ол түрме бастығының соқыр қызына ғашық болды. Сонымен қатар Валентиннің адам емдей алатын да қасиеті бар еді. Ол соның арқасында қызды ауруынан айықтырады. Өлім жазасына бір күн қалғанда діни қызметкер қызға қоштасу хатын жазып, өзінің сүйіспеншілігін жеткізеді. Соңында жазбаға "Сіздің Валентиніңіз" деп қол қояды. Жігіттің ғашығы хатты 14 ақпанда, яғни, сүйіктісі өмірден өткен соң оқиды. Осы оқиғадан кейін ғашықтар сезімін білдіретін хаттар, нақтырақ айтсақ, валентиндер пайда болған екен.