Bugin

Байқоңырда Украинадағы соғысқа қатысу үшін тұрғындарға ақша ұсынған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Байқоңыр әкімшілігі тұрғындарға Украинадағы соғысқа қатысу үшін ақша ұсынған, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі КазТаг агенттігіне сілтеме жасап.

"Байқоңыр әкімшілігі басшысының 2023 жылғы 07 ақпандағы № 46 қаулысына сәйкес Байқоңыр қаласындағы мобилизацияланған азаматтарға, арнайы әскери операцияға қатысуға ниет білдірген және келісімшарт негізінде әскери қызметін өтегісі келетін адамдарға әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 мың рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем белгіленді" делінген қала прокуратурасының хабарламасында.

Төлем алу үшін әскери қызметкер немесе оның өкілі Байқоңыр әкімшілігінің халықты әлеуметтік қорғау басқармасына белгіленген нысан бойынша өтініш беру керек. Кейін қаражат азаматтың есепшотына аударылады.

"Қаржы өтініш келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күнінен аспай аударылады. Аталған қаулы қалалық әкімшіліктің ресми сайтында жарияланып, күшіне енді" делінген хабарламада.