Әлем

"Айналаңда шығатын жер жоқ": Үйінді астынан аман қалған әйел оқиғасын бөлісті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркияның Газиантеп қаласында бір отбасының бес адамы - ата-анасы, ұлы және екі қызы үйінділерден құтқарылды. Аман қалған 28 жастағы фармацевт Гизем Озкан оқиға қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, аман қалған қыз үйінділер астында екі тәуліктей жатқан. 

Ең қиыны жер сілкінісінен кейінгі алғашқы сағаттар. Сен дем ала алмайсың, ауыр заттың астында қысылып қаласың. Айналаңда шығатын жер жоқ. Жан-жағыңнан қысылып қаласың. Ал бір сағаттан кейін адам үйрене бастайды. Дауыстар естіп, аман қалуға мүмкіндігің барын түсінесің, есіңді жия бастайсың, - дейді Гизем Озкан.  

Хатай провинциясында үйінді астында алты тәулік бойы жатқан екі айлық нәресте аман қалған. Әлеуметтік желіде құтқарушылар нәрестені аман алып шыққан сәттің видеосы тараған.