Bugin

Биылдан бастап кейбір мамандардың жалақысы 70%-ға дейін көтеріледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президенттің тапсырмасына сәйкес биылдан бастап құтқарушылардың еңбекақысы 10-нан 70 пайызға дейін көтеріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтық қорғау академиясы – төтенше жағдайлардан қорғау саласы бойынша маман даярлайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны. Соңғы уақытта 569 курсант күндізгі бөлімде, 161 курсант қашықтан оқу бөлімінде білім алып жатыр. Сондай-ақ 168 курсант шетелдік салалық жоғары оқу орындарында оқиды. Академия жыл сайын 150-ден астам офицер даярлап шығарады,- деді Мемлекет басшысы.