Bugin
17 және 18 жастағы екі ауыл тұрғыны бірнеше пышақ жарақатымен Көксу аудандық ауруханасына жеткізілді. Оларды өздері құралыптас ауылдасы жаралағаны анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Зардап шеккендердің жағдайы қазір тұрақты. Алайда олардың бірі әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Полицияның хабарлауынша, шабуыл жасаған адам ұсталып, қазір қамауда отыр.
10 ақпанда аудандық ауруханаға пышақ жарақатымен 17 және 18 жастағы екі жергілікті тұрғын түсті. Анықталғандай, оларды 17 жастағы танысы жарақаттаған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 99-бабына сәйкес жүргізілуде, – деді Almaty.tv тілшісіне облыстық ПД ресми өкілі Меруерт Темірханова.