Әлем
Саясатта "содырлығымен" көзге түскен Солтүстік корейлердің басшысы тағы бір жаға ұстатарлық қадамға барды. Енді оның төл қызының есімін арқалаған аттас кәрістердің бәрі, яғни Чжу Э-лер - "күнәһар". Мұндай есім тек солтүстік кәрістердің "күн көсемі" Ким Чен Ынның қызына тиесілі екен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Солтүстік Корея билігі Чжу Е есіміне ие қыздар мен әйелдерді қыстап жатыр. Бұл есімге тек көсемнің қызы ғана лайық деп табылған, деп хабарлайды The Korea Times.
Бұл қадам жайлы Пхеньяндағы анонимді дереккөздер хабарлайды. Олардың айтуынша, Чонджу мен Пхенсон қалаларындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдары тұрғындардың жеке куәліктеріне түзетулер енгізуді талап етіп, қыстап жатыр.
Солтүстік хангук азаматы бұл жайлы:
Чонгжу қаласындағы қауіпсіздік департаменті Чжу Е есімімен тіркелген әйелдерді шақырып, олардың аттарын өзгертуді талап етті, – деді.
Сонымен, Солтүстік Корея көшбасшысының қызына тиесілі "сондық қастерлі" есімге ие жасөспірімдер, тіпті 12 жасар жеткіншектер қайтадан туу туралы куәлік алуға мәжбүр болған.
Дереккөз: Adyrna.kz