Bugin

Кішкентай қазақ қызының қайырымдылығы Түркия елшісінің жүрегін елжіретті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кішкентай астаналық қыз Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен балаларға жинаған ақшасын берді. Ақша жинауға өз қолымен жасаған қорап Қазақстандағы Түркия елшілігіндегілердің жүрегін елжіретті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

 

Түркия елшісінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Махмут Шевкет Байрам қайғылы оқиғадан кейінгі алғашқы күндерден бастап қазақстандықтардың қолдауын сезінетінін айтты.

"Бұл қорапты бізге кішкентай қыз әкеліп берді. Ақшасын Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге бергісі келетінін айтты", - дейді Махмуд Шевкет Байрам.

Кеңесшінің айтуынша, қазіргі уақытта апат болған жерлерде мобильді электр генераторлары, шатырлар, ұйықтайтын сөмкелер мен жылытқыштар жетіспейді.