Bugin

Елбасы туралы заңның күшін жоярда дауыс берген депутат Назарбаев кетерде неге жылағанын түсіндірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

“Ақ жол” партиясының жетекшісі, елбасы кеткен кезде көзіне жас алған Азат Перуашев "тұңғыш президент туралы" заңның күшін жоярда неліктен дауыс бергенін түсіндірді деп хабарлайды Bugin.kz порталы BaigeNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Перуашев ол кезде елбасының кеткеніне емес, өзінің бастан өткерген қиын сәттері есіне түскен соң жылағанын түсіндірді. 

"Тұңғыш президенттің кеткеніне жыламадым. Ол кезде маған "90-жылдардың басы сіз үшін нені білдіреді?”- деген сұрақ қойылды. Сондықтан ойыма түрлі сынақтар, жақын адамдарымды  жоғалтқаным келді. Аздап эмоцияға берілдім", - деп түсіндірді Перуашев.

Ол ақылды жандардың өзгелердің өмірін емес, тың идеяларды талқылайтынын алға тартты.

"Мен идеяларды талқылап, ұсынуды жөн көремін. Егер біреу мені талқылағысы келсе, бұл оның өз құқығы", - деп түйіндеді ол сөзін.