Bugin
7 ақпанда Алматыда екі мектеп оқушысы жоғалып кетті. Еріктілер мен полицейлер оларды іздеуді жалғастыруда, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Tengrinews оқырмандары 7 ақпанда Алматының Бостандық ауданындағы No63 мектептен (Әбиша Кикілбайұлы көшесі, 88) шығып, үйіне оралмаған 14 жастағы екі баланың жоғалып кеткені туралы хабарлады.
"Іздеу жалғасуда. Полиция ешқандай мәлімет берген жоқ. 7 ақпанда олар мектептен бірге шығып, досының туған күніне барған. Сол уақыттан бері олар үйге келмеген. Еріктілер көмектесуде. Айтуларынша, қалада оларды көп адам көрген, неге әлі күнге дейін табылмай жатқанын түсінбеймін", - дейді жасөспірімдердің бірінің анасы Динара Төбеева.
Алматы полициясы Бостандық ауданының полиция бөлімі іздестіру ісі қозғалғанын хабарлады.
"Жасөспірімдерді іздеуге криминалдық және ювеналдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылған. Қазіргі уақытта балалардың жүрген жерін анықтау және оларды үйлеріне қайтару мақсатында іздестіру шаралары жүргізілуде. Жұмыс нұсқаларының бірі бойынша, балалар аман болуы керек", - делінген баспасөз хабарламасында.
Жасөспірімдердің қайда екенін білетін кез келген адам бағдарда көрсетілген еріктілерге немесе полицияға хабарласа алады.