Bugin
Петропавлда мектепке пышақ пен балта әкеліп, 3 баланы жарақаттаған 9-сынып оқушысына сот 2 айға қамауда ұстау бұлтартпас шарасын тағайындады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған Д.-ны 2 ай қамауда ұстау жөнінде санкция берді.
"ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 13 ақпанда Петропавл мектебінде балта және пышақпен қаруланған 9-сынып оқушысы 3 баланы жарақаттаған еді. Олардың екеуі ауруханада жатыр.
Белгілі болғандай, жасөспіоімнің психикалық дерті барына қарамастан Алматы қаласының Республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға рұқсат берген.
Осы оқиғадан кейін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жауапты министрліктерге оқу орындарында тексеріс жасауды тапсырды.