Bugin

Астана мешітінде ер адам 600 АҚШ долларын ұрлап кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Полицейлер Астана мешітінде ұрлық жасаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері мешіттегі ұрлықты ашты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында намаз кезінде ақша ұрлаған 31 жастағы ер адам анықталды.

"Тергеу барысында күдікті Рахимов көшесінің бойындағы мешітке келіп, намаз кезінде залдың ең соңғы қатарына орналасқан. Терезенің алдында жатқан күртешелер оның көзіне түскен. Жиналғандардың байқамай тұрғанын пайдаланып, күртешелердің бірін алып, қалталарын тексере бастаған. Әмиянды қалтадан тауып алған ол ішінен 600 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақшаны алып шыққан. Әмиянды күртешеге қайта салып, мешіттен шығып кеткен" делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оның бұрын Астана аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.