Bugin

Алматыда жоғалып кеткен екі оқушының жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда бір апта бұрын жоғалып кеткен екі оқушы табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясы 7 ақпанда жоғалып кеткен екі оқушының қайда екенін анықтап, ата-анасына тапсыру үшін полиция бөлімшесіне алып келді.

"Қазір криминалдық полиция бөлімшесі із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған екі жасөспірімді тапты. Қазір олар полиция бөліміне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылады. Олардың мекенжайы анықталды. Екеуі уақытын компьютерлік клубтарда ойнаумен өткізген", - дейді Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Мақсат Қанапяев.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61