ДАМУ

Қазақ зиялылары неге өзге ұлттан қыз алды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көпшілігінің жұбайлары орыс ұлтынан болған. Сол замандағы ұлтаралық некеге тыйымдарға қарамастан ұлт зиялылары тәуекелге барған. Ал олардың жарлары мұсылмандықты қабылдаған. Майя Бекбаева өзінің Youtube арнасында неліктен алаш ардақтыларының таңдауы орыс қыздарына түскенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп. 

1905 жылы ІІ Николай сенімін өзгерткендерге 10 жылға ауыр еңбек жазасын қолдану туралы жарлыққа қол қойды. Бұл сол кезеңде ұлттар арасында некеге тыйым салынып, өзге дінді қабылдауға қарсылықтан туындаған шешім еді. 

Алайда қазақ зиялыларының көпшілігінің жұбайлары орыс ұлтынан болды. Ортақ дүниетаным, білім мен отанға деген сүйіспеншілік оларды табыстырса керек. Осы тұста қорықпай тәуекелге барғандардың бірі - Ахмет Байтұрсыновтың жары Александра Журавлева. 1896 жылы ол барлық салт-дәстүрді сақтап тұрмысқа шығу үшін мұсылмандықты қабылдаған. Сонымен қатар ол атын Бадрисафа Байтұрсынова деп өзгерткен. 

Дәл осындай жұптардың тізімінде Әлихан Бөкейханов пен Елена Севастьянова, Ахмет Байтұрсынов пен Александра Журавлева, Жаханша Досмұхамедов пен Ольга Пушкарева, Тұрар Рысқұлов пен Надежда Колосовская, Қаныш Сәтбаев пен Таисия Кошкина бар.

Неліктен қазақ зиялыларының жұбайлары қазақ ұлтынан болмады? Мұның жауабы белгілі. Себебі сол заманда қазақ қыздарына білім алып, дүниетанымды кеңейту түсінігі болмаған. Ата-аналардың бар мақсаты - қызды ертерек бірінші қол сұраған адамға ұзату болған. Қыздардың құлағына тек ошақ қасын түгендеу міндеті құйылған. Сол себептен олар оқуға ізденуге талпынбаған. Ал қазақ зиялылары бұл тұрғыда өздерінің жұбайлары ретінде жан дүниесі бай, кеңесе алатындай білімді, дана жанды іздеген. Олардың жарларының мамандықтары болған. Бірге әдебиет пен өнерді жақсы талқылай алған, - деді Мая Бекбаева. 

Журналист сонымен қатар қызды ерте жастан тұрмысқа беру қазіргі қоғамда да бар екенін алға тартты. 

Қазір де қыз балаларға ізденуге, талпынуға, көріп білуге уақыт берген жөн. Себебі махаббат теңдікті қолдайды, - деп қосты ол.