Bugin
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тұңғыш президент – елбасы туралы" заңның күшін жою туралы құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 13 қаңтарда Қазақстан парламентінің қос палатасы "Тұңғыш президент – Елбасы" заңының күшін жою мәселесін қарау үшін жиналды.