Өнім

Пәтерде төбелес шығарған талдықорғандық қыздың жігітті ұрып жатқан видеосы тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Талдықорғанда оқушы қызды соққыға жыққан қыздардың енді жігітті ұрып, ақша талап еткен видеосы тарады. 

Еgovpress осыдан бір ай бұрын оқушы қызды жабылып ұрған қыздарға қатысты тағы бір видео жариялады. Видеодағы қыздардың бірі Құндыз жігітті ұрып-соғып, ақша талап етіп жатқанын анық көруге болады. 

Әзірге Жетісу облыстық полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірмеді. 

Еске салсақ, Талдықорғанда мектеп оқушылары құрбысын ұрып-соғып, оны видеоға түсірген. Бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып, қызу талқыға түскен. 

Полиция бейнероликтің 9 қаңтарда Талдықорғандағы пәтерлердің бірінде түсірілгенін анықтаған еді.

Дереккөз: Orda.kz