Bugin

Петропавлда ер адам полицейді ұрып жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Петропавлда елорда тұрғыны полицейге жұдырық жұмсады, деп хабарлады Bugin.kz порталы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнде Петропавл қалалық ІІБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қимылдамай отырған ер адамға назар аударды.

Тәртіп сақшылары көмек керек пе екенін білуге барған. 44 жастағы Астана қаласының тұрғыны мас болған екен. Мас күйінде қоғамдық орында болғаны үшін әкімшілік материал жасау кезінде ер адам полицейді жұдырықпен бір ұрған.

Қылмыстық кодекстің 380-бабының 3-бөлігі ("Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті үйқамаққа алынды, деп хабарлады полиция департаменті.

Билік өкіліне қызмет міндеттерін орындау кезінде күш қолданғаны үшін заңда 4 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі (13,8 миллион теңге) айыппұлдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Дереккөз: sputntik.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61