Bugin
Шымкентте келіншек таксиде босанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Такси жүргізушісі Алиер Маккамовтың айтуынша, оқиға кешкі сағат 6-да болған. Көлігіне екі баласы бар әйел отырған. Ал бірнеше минуттан кейін толғағы басталған..
"Мен оған перзентханаға апарайын дедім. Бірақ ол үйіне баруымыз керегін айтты. Содан кейін мен жедел жәрдем шақырып, оның келуін күттім. Осы кезде әйелдің суы кетті", - деді жүргізуші.
Осылайша жолаушы көліктің салонында босанған. Ал біраз уақыттан кейін жедел жәрдем барған. Анасы мен баласының дені сау.