Weekend

Димаш Құдайбергеннің ең үздік 5 ән орындауы

Димашнама бастауы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Димаш Құдайберген қазірдің өзінде Қытай, Ресей, Америка, Франция, Англияның үлкен-үлкен сахналарында өнер көрсетіп үлгерді. Ол мұнымен тоқтайтын емес. Назарыңызға қазақ ән өнерінің бірегей әншісіне айналған Димаш Құдайбергеннің ең үздік орындауларын ұсынамыз.

№1. I’m a singer шоуы, Қытай

2017 жылы Димаш қытайлық I’m a singer шоуына қатысып, аспан асты елінің назарын өзіне бірден аудартты. Шоуда, әсіресе, Лара Фабиан орындауындағы "Adagio" әнін Димаш жетер жеріне жеткізе орындағанда, дүйім жұрт шын өнерге қаныққандай болды. 

№2. "Әлем ханшайымы 2018", Қытай

Димашты мұндай әлемдік деңгейдегі шараға Қытайдағы феериялық орындауларынан кейін шақырғаны мәлім және басқа-басқа соңындағы кешті қорытындылайтын негізгі тұста Димашты арнайы шығарды. Әнші бұл жолы авторлық "Ұмытылмас күн" әнін орындады.

№3. "Les années bonheur" кабаре-шоуы, Франция

2017 жылы Димашты "Les années bonheur" кабаре-шоуы құрметті қонақ ретінде шақырып, әнші France 2 мемлекеттік телеарнасында көрсетілді. Мұнда ол өзінің бағын ашқан әндердің бірі "S.O.S d’un terrien en détresse" әнін жанды дауыста орындап, өз талантының айрықша құбылыс екенін тағы бір көрсетті.

№4. I’m a singer шоуы, Қытай

"Опера №2" Витастың визиттік картасына айналған туынды еді. Бірақ Димаш оны I’m a singer шоуында орындағаннан кейін, ән өз орындаушысын тапқандай көрінді. Себебі ол әннің биік ноталарында алтыншы октаваға дейін жеткен. Ән бастан-аяқ шарықтау шегіне жетіп, аһ ұрмасқа амал қалдырмады.

№5. Славянский базар – 2015, Беларусь

Дәстүрлі түрде Витебск қаласында өтетін бұл конкурсқа Қазақстан атынан 2015 жылы Димаш Құдайберген қатысып, гран-при иегері атанды. Дәл осы конкурс пен "Дайдидау" әні Димаш үшін де, оған тамсанудан еш жалықпайтын тыңдарманы үшін де тым ыстық көрінер. Себебі "Славянский базарды" жеңген соң, Димашқа деген ықылас, оның талантына деген пейіл арта бастады. Ал одан кейінгінің барлығы – шығармашылық тарих. Кім біледі, мүмкін әлем үшін ұлы музыканттың тарихы.