Білім және ғылым
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың желілік кезеңінің екінші күні сәтті өтті. Зияткерлер жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білімдерін сынады.
Бұл білім жарысына Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары үлкен дайындықпен келген. Арасында халықаралық деңгейдегі білім додаларына қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп жүрген оқушылар да бар.
⁃ Олимпиадаға бірнеше ай бойы жүйелі дайындық жүргіздім және бәсекелестіктің жоғары екендігін ескере отырып жақсы нәтижемен Республикалық олимпиадаға өтемін деген сенімдемін, - дейді Артур Николаенко.
Қатарда олимпиадаға алғаш рет қатысып жатқан оқушылар бар. Зияткер жақсы нәтижеге үмітті екендігін жеткізді.
⁃ Желілік олимпиадаға алғаш рет қатысып отырмын. Алайда мен үшін тапсырмалар аса күрделі болған жоқ, қызықты есептер де кездесті. Егер осы кезеңнен өтсем, Республикалық олимпиадаға қатысуға мүмкіндік аламын. Сондықтан осы жарыстан күтер үмітім мол, – деп бөлісті алматылық зияткер Бекасыл Елубай.