Bugin

Челахқа қатысты тың дерек шықты: Генерал-майор не айтты?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Ерлан Алдажұманов Владислав Челахтың ісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл жерде бірдеңе деп пікір білдірген артық шығар.  Болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс жүргізіліп, істің анық-қанығы толыққанды айтылған. Оның қазір (Челахтың – авт) не дегісі келіп тұрғанын білмеймін. Қылмыстық іс жүргізіліп, тергеу толыққанды болған. Нәтижесі логикалық шегіне жеткен. Егер оның тарапынан арыз болса, соның барысына қарай қарайық, - деді. 

Журналистер одан "Шекара қызметінің Челахқа қатысты позициясы тергеу қорытындысымен сәйкес келе ме" деген сұраққа ол "так точно" деп жауап берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Челах Бас прокуратураға хат жазып, іске қатысты өз нұсқасын айтқысы келетіні айтылған болатын. Челахтың өзі осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын бірнеше шекарашының өліміне кінәлі деп танылып, сотталып кеткен.

Дереккөз: inbusiness.kz