Bugin

Назарбаевтың немере інісі Түркияға қомақты қаржы аударды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұрбол Назарбаев Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 500 мың доллар берді. Бұл туралы Orda.kz жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Нұрбол Назарбаев «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының атынан Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 500 мың АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетті. Бұл туралы Қор басшысының Түркияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экижимен кездесуінде белгілі болды. Тараптар Қордың тағы қандай көмек көрсете алатынын да талқылады.

Бауырлас Түркия халқы үшін қиын сәтте біз қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға қаржылай көмек көрсетуді шештік. Ақшаға алғашқы қажетті заттар мен дәрі-дәрмек сатып алынады. Халықтың басына түскен қиындықтарды тез жеңуіне тілектеспіз,- дейді қор директоры Қасым Қасабеков.