Әлем

Әйелін балаларының көзінше ұрып, кейін бауыздап өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2022 жылдың тамызында Өзбекстанда 31 жастағы ер адам өзінен 7 жас кіші әйелін әкесінің үйінде бауыздап өлтірген. Сот оны 19 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq ruhy сайтына сілтеме жасап. 

Өзбекстанның Kun.uz сайтының жазуынша, ер адам әйелін өлтірместен бір күн бұрын балабақшаға келіп, балаларының көзінде оны қатты соққыға жыққан. Сотта ер адам әйелін ұрып-соғуының себебі – қызғаныш болғанын айтады. Ал, оны бауыздауға қатысты істе әйелінің қолындағы пышақ мойнына байқамай кіріп кетті деген.

"Түнде сөйлесіп жатқанда әйелімнің қолында пышақ болды. Мен оны тартып алмақ болғанда, байқамай, әйелімнің мойнына кіріп кетті", - деген ол.

Бірақ, сот оны "әдейі адам өлтіру" бабы және "қарақшылық жасау" баптарымен 19 жылға соттады.