Bugin

Зеленский Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті: Не айтылғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Bugin.kz пордалы  Ақорда сайтына сілтеме жасап. 
 
Украина тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады.