Bugin

БҚО-да ер адам ішімдік ішпеуін өтінген әкесін ұрып өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

БҚО-да ер адам ішімдік ішпеуін өтінген әкесін ұрып өлтірген. Ол адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, он жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Bugin.kz порталы “Мой город” сайтына сілтеме жасап. 

 

Қайғылы оқиға өткен жылдың 16 қазанында Қоңыр ауылында орын алған. Іс материалдарынан белгілі болғандай Оралбек Иманғалиев сол күні өзінің танысымен бірге алкогольдік ішімдік ішкен. 

Кейін ол 23:00 шамасында үйіне оралған.  Ұлының жағдайын көрген әкесі Мейрамғали Иманғалиев оған өкпелеп, ақылын айта бастаған.

“Әкесі баласына "Неге ішесің? Сенің үйленетін кезің болды",- деп айтқан. Кейін олар жанжалдасып қалған. Ұлы бұл сөздерге ашуланып, аулаға шығып, таяғын алып, үйге кіріп, төсекте жатқан әкесін ұра бастаған. Басы мен иығынан жұдырықпен ұрған. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оқиғадан кейін ұлы әкесіне көмектесуге әрекеттенбей, жедел жәрдем шақырмай, қылмыс қаруын жасыруға тырысқан", – деді судья Шара Зайнуллина.

Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, Мейрамғали Иманғалиевтің өліміне ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің сынуы және миға қан құйылу себеп болған. Ер адам қылмыс қаруын сарайдың төбесіне тығып қойған, кейін полицейлер оны сол жерден тауып алған.

15 ақпанда Мейрамғали Иманғалиевке қатысты үкім шықты. Ол кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, он жылға бас бостандығынан айырылды. 

Айыпталушы өзі кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Үкім заңды күшіне енген жоқ, шағым жасауға болады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61