Спорт

"Сенсация жасаған": Әлімханұлының келесі қарсыласы кім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) британиялық Лиам Смитті орта салмақ рейтингінде бірінші нөмірге қоятынын әлеуметтік желі арқылы хабарлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме беріп.

Мұндай шешім Смит WBO чемпионына міндетті қарсылас болатынын білдіреді. Орта дивизиондағы бұл титул Жәнібек Әлімханұлында. 

Қаңтар айында Смит отандасы Крис Юбенкті нокаутқа түсіріп, сенсация жасаған. Юбенк келісімшартта көрсетілгендей қарымтаны талап ете бастады, бұл өз кезегінде Жәнібек пен Лиам жекпе-жегіне бөгет болып тұр. 

Айта кетейік, Лиам Смит 2015-2016 жылдары бірінші орта салмақта WBO чемпионы болған.