Әлем

Ғажайып аман қалу: Түркияда 11 күннен кейін үйінді астынан тірі адамдар табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін 11 күннен кейін үйінді астынан аман қалған тағы екі ер адам шығарылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

26 жастағы Мехмет Али Шакироглу мен 34 жастағы Мұстафа Авчи жер сілкінісінен кейін 261 сағаттан соң Хатай провинциясының Антакия қаласының Одабаши ауданында үйінді астынан шығарылды.

Антакиядағы Одабаши көшесіндегі үйінділерді тазалаған құтқару тобы қираған үйдің тақталары арасында қысылып қалған екі азаматты аман алып шықты. Белсенді күш-жігерден кейін олар екеуін де тірідей шығарып үлгерді.

Аман қалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.