Bugin

Tik Tok-та балағат сөздер айтқан ауыл тұрғынына айыппұл салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодар облысының тұрғынына тікелей эфирде балағат сөздер айтқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Павлодар полицейлері TikTok мониторингі барысында Новоямышево ауылының тұрғынының эфирге шығып, өз сөзінде әдепсіз сөздер айтқанын анықтады", - деп хабарлады полицейлер.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 24 жастағы құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК 1-бөлігі 434 әкімшілік құқық бұзушылық туралы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотта қаралып, ауыл тұрғынына 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Жыл басынан бері облыс полицейлері азаматтардың заңға салғырт қарап, қоғамдық тәртіп пен өзге де азаматтардың тыныштығын бұзған 140-қа жуық ұсақ бұзақылықтың жолын кесті.