Bugin
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 500-ден астам оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың желілік кезеңіне қатысуда.
Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 45 оқушысы желілік кезеңде бақ сынаса, оның 26-ы республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша сынақ тапсырды. Қоғамдық-гуманитарлық бағытты таңдаған 19 зияткер үшін бүгін алғашқы тур басталды.
Химия пәнінен олимпиадаға қатысқан 9 сынып оқушысы Санжар Жакубов, олимпиаданың желілік кезеңі сәтті өткенін айтты:
Желілік кезең сәтті өтті, жақсы нәтиже көрсеттім деп ойлаймын. Өткен жылмен салыстырсақ тапсырмалар сәл күрделі болды, алайда оған қарамастан қолымнан келгенше тырыстым. Олимпиада қорытындысын толқыныспен күтудемін.
Санжар Жакубов, химиядан өткен жылғы республикалық пәндік олимпиаданың 3 орын иегері.
Ал, математика пәнінен білімін сынаған, Зияткерлік мектептің 10 сынып оқушысы Дамир Нурланов, есептер өте қызық, әрі оны шығаруда жақсы әсер алғанын жеткізді:
- Екі күн қатарынан өткен желілік олимпиадада математика пәнінен келген есептер өте қызық болды, әрі оны шағаруда жақсы әсер алдым. Олимпиадаға дайындықты мектепішілік кезеңінен кейін бірден бастап кеттім, сондықтан жақсы жаздым деген ойдамын. Олимпиадаға қатысудың бір пайдасы өткен жылғы нәтижеңді, деңгейіңді салыстырып оны жақсартуға керемет мүмкіндік.
Айта кетейік Дамир, өткен жылы математика пәнінен республикалық пәндік олимпиадада 2 орынға ие болған болатын.
Желілік кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері наурыз-сәуір айларында өтетін республикалық олимпиадада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрамасын таныстырады.