Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚызылорда облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
19 ақпан Самара-Шымкент автомобиль жолының 1767 -1768 шақырымында (Сырдария ауданы) Mercedes және Opel автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан төрт адам қаза тапты, бір адам ауруханада жатыр.
"Аталған дерек СДТБТ-не қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлімі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды" делінген хабарламада.
Толық деректер анықталып жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61