Bugin

Қарағандыда жұмысында жүрген полицей кенеттен көз жұмды: Себебі белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағандыда полиция қызметкері қызмет атқару кезінде учаскелік полиция пунктінде қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сүйенсек, полицияның учаскелік пункттерінің бірінде сағат 14:40 шамасында жұмыс орнында болған полиция капитаны кенеттен өзін нашар сезінген. Көп ұзамай полиция қызметкері кенеттен қайтыс болған.
Оқиғаға байланысты Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Учаскелік полиция инспекторы, капитан Ұлан Маратұлы Имашев кенеттен қайтыс болды. Дәрігерлер жүрегі тоқтап қалғанын айтады.

Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрамы қайтыс болған адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтады" делінген хабарламада.